✦ ОНЛАЙН-ВЫСТАВКА

Дәуір таңдауы: ядролық полигоннан болашақ энергиясына Выбор эпохи: от ядерного полигона к энергии будущего

Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының
35 жылдығына арналған
Тарихи-құжаттық көрме
Историко-документальная выставка
К 35-летию закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона

«Ради будущих поколений мы должны укреплять мир, развивать международное сотрудничество, предпринимать усилия по ядерному разоружению и отказу от ядерных испытаний.
Мир и безопасность — это высшие ценности, объединяющие всё человечество».
«Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік — бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар».
К. Токаев Қ. Тоқаев

Предисловие

Историко-документальная выставка «Выбор эпохи: от ядерного полигона к энергии будущего» приурочена к 35-летию закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона. Полигон являлся одним из крупнейших в мире центров проведения ядерных испытаний, последствия которых оказали значительное влияние на состояние окружающей среды, здоровье населения и социально-экономическое развитие региона в Казахстане.

Семипалатинский испытательный ядерный полигон был создан в августе 1947 года Постановлением Совета Министров СССР. Тогда он получил условное название «Учебный полигон № 2». 29 августа 1949 года на Семипалатинском ядерном полигоне было проведено первое испытание. За 40 лет, с 1949 по 1989 годы, на Семипалатинском полигоне было проведено 473 ядерных взрыва, в том числе 90 воздушных, 26 наземных, 354 подземных. Кроме ядерных испытаний, здесь произведено 175 взрывов с применением химических веществ, из них 44 - с зарядами более десяти тонн. Семипалатинская область стала зоной экологического бедствия.

Указ Президента Казахской ССР «О закрытии Семипалатинского испытательного ядерного полигона» был подписан 29 августа 1991 года. Это решение стало важной исторической вехой в глобальном ядерном разоружении.

Документы и материалы выставки отражают основные этапы функционирования полигона, его закрытие, деятельность общественного антиядерного движения «Невада-Семей», последующую государственную политику по ликвидации последствий испытаний и инициативы Казахстана по развитию мирной атомной энергетики.

В экспозиции представлены документы и материалы Архива Президента Республики Казахстан, Центрального государственного архива Республики Казахстан, Центрального государственного архива кинофотодокументов и звукозаписей Республики Казахстан, Государственного архива области Абай, материалы из открытых источников: сайты Президента Республики Казахстан akorda.kz, Агентства Республики Казахстан по атомной энергии gov.kz, Организации Объединенных Наций un.org, Национального ядерного центра РК nnc.kz.

Алғы сөз

«Дәуір таңдауы: ядролық полигоннан болашақ энергиясына» тарихи-құжаттық көрмесі Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Полигон әлемдегі ядролық сынақтар жүргізілген ең ірі орталықтардың бірі болды. Оның салдары Қазақстандағы қоршаған ортаның жай-күйіне, халықтың денсаулығына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етті.

Семей ядролық сынақ полигоны 1947 жылғы тамызда КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен құрылды. Сол кезде оған «№ 2 оқу полигоны» деген шартты атау берілді. 1949 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ жүргізілді. 40 жыл ішінде, 1949 жылдан 1989 жылға дейін, Семей полигонында 473 ядролық жарылыс жасалды, оның ішінде 90-ы әуеде, 26-сы жер үстінде, 354-і жер астында жүргізілді. Ядролық сынақтардан басқа, мұнда химиялық заттарды қолдана отырып 175 жарылыс жасалды, оның 44-інде он тоннадан астам зарядтар пайдаланылды. Семей облысы экологиялық апат аймағына айналды.

Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылғы 29 тамызда қол қойылды. Бұл шешім жаһандық ядролық қарусыздану жолындағы маңызды тарихи кезеңге айналды.

Көрмедегі құжаттар мен материалдар полигон жұмысының негізгі кезеңдерін, оның жабылуын, «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалысының қызметін, сынақтардың салдарын жою жөніндегі мемлекеттік саясатты және Қазақстанның бейбіт атом энергетикасын дамыту жөніндегі бастамаларын көрсетеді.

Экспозицияда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінің, Абай облысының мемлекеттік архивінің құжаттары мен материалдары, сондай-ақ келесі ашық дереккөздерден алынған материалдар ұсынылған: Қазақстан Республикасы Президентінің akorda.kz, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің gov.kz, Біріккен Ұлттар Ұйымының un.org, ҚР Ұлттық ядролық орталығының nnc.kz сайттары.