«Ради будущих поколений мы должны укреплять мир, развивать международное сотрудничество, предпринимать усилия по ядерному разоружению и отказу от ядерных испытаний. Мир и безопасность — это высшие ценности, объединяющие всё человечество».
«Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік — бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар».
К. ТокаевҚ. Тоқаев01
Предисловие
Историко-документальная выставка «Мирный атом: технологии во имя будущего» приурочена к 35-летию закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона. На протяжении более сорока лет полигон являлся одним из крупнейших в мире центров проведения ядерных испытаний, последствия которых оказали значительное влияние на состояние окружающей среды, здоровье населения и социально-экономическое развитие региона в Казахстане.
Указ Президента Казахской ССР «О закрытии Семипалатинского испытательного ядерного полигона» был подписан 29 августа 1991 года. Это решение стало важной вехой в истории нашей страны и определило дальнейшее развитие государственной политики в области ядерного разоружения.
В период с 1949 по 1989 год на полигоне было проведено более 450 ядерных испытаний. Документы выставки отражают основные этапы деятельности полигона, развитие общественного антиядерного движения, принятие решения о его закрытии и последующую государственную политику по ликвидации последствий испытаний.
Основу экспозиции составляют документы Архива Президента Республики Казахстан, Центрального государственного архива кинофотодокументов и звукозаписей Республики Казахстан, Государственного архива области Абай, а также фотоматериалы и другие документальные источники.
01
Алғы сөз
«Бейбіт атом: болашақ жолындағы технологиялар» тарихи-құжаттық көрмесі Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 35 жылдығына арналған. Қырық жылдан астам уақыт бойы полигон әлемдегі ірі ядролық сынақ орталықтарының бірі болды. Онда жүргізілген сынақтардың зардаптары Қазақстандағы қоршаған ортаның жай-күйіне, халықтың денсаулығына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсер етті.
Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылғы 29 тамызда қол қойылды. Бұл шешім еліміздің тарихындағы маңызды кезеңге айналып, ядролық қарусыздану саласындағы мемлекеттік саясаттың одан әрі дамуына негіз қалады.
1949–1989 жылдар аралығында полигонда 450-ден астам ядролық сынақ жүргізілді. Көрмеге енгізілген құжаттар полигон қызметінің негізгі кезеңдерін, қоғамдық антиядролық қозғалыстың дамуын, полигонды жабу туралы шешімнің қабылдануын және сынақтардың зардаптарын жоюға бағытталған кейінгі мемлекеттік саясатты көрсетеді.
Экспозицияның негізін Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің, Абай облысының мемлекеттік архивінің құжаттары, сондай-ақ фотоматериалдар мен өзге де деректі дереккөздер құрайды.