ОНЛАЙН-ВЫСТАВКА

Мирный атом: технологии во имя будущегоБейбіт атом: болашақ жолындағы технологиялар

Историко-документальная онлайн-выставкаТарихи-құжаттық онлайн-көрме

05 / 05

Казахстан:
путь к мирному атому
Қазақстан:
бейбіт атомға бастар жол

Заключительный раздел посвящен государственной политике Республики Казахстан в области ядерного разоружения, сохранению исторической памяти, международному сотрудничеству в сфере безопасности и использованию ядерных технологий в мирных целях.

Представлены документы, отражающие международные инициативы Казахстана. В 2009 году по инициативе Президента Республики Казахстан Генеральная Ассамблея ООН приняла резолюцию, объявившую 29 августа Международным днем действий против ядерных испытаний. Дата выбрана в память о закрытии 29 августа 1991 года Семипалатинского испытательного ядерного полигона. 2 декабря 2009 года Генеральная Ассамблея ООН приняла резолюцию об объявлении 29 августа Международным днем действий против ядерных испытаний. Документ призывает государства, организации и общественность ежегодно проводить информационно-просветительские мероприятия, посвященные последствиям ядерных испытаний и необходимости их полного запрещения. Впервые Международный день действий против ядерных испытаний был отмечен в 2010 году и с тех пор ежегодно проводится во многих странах мира: Резолюция 64/35, принятая по докладу Первого комитета на 55-м пленарном заседании Генеральной Ассамблеи ООН от 2 декабря 2009 года, о провозглашении 29 августа Международным днем действий против ядерных испытаний.

Результатом последовательной государственной политики в отношении территории бывшего Семипалатинского испытательного полигона стало принятие в 2023 году Закона Республики Казахстан «О Семипалатинской зоне ядерной безопасности» (Закон Республики Казахстан от 5 июля 2023 года № 16-VIII ЗРК). Закон сформировал правовую основу регулирования режима данной территории, определил полномочия государственных органов в сфере обеспечения ядерной и радиационной безопасности, установил порядок государственного контроля за использованием земель бывшего полигона, а также создал нормативные условия для проведения их комплексного радиационного обследования, реабилитации и последующего вовлечения отдельных участков в хозяйственный оборот при строгом соблюдении требований экологической и радиационной безопасности.

Концепция мирного использования атомной энергии стала одним из ключевых направлений государственной политики Казахстана. Современный этап развития отечественной атомной отрасли ориентирован на применение ядерных технологий в интересах устойчивого социально-экономического развития, обеспечения энергетической безопасности, развития науки, медицины, промышленности и сельского хозяйства. Одним из основных нормативных документов в этом направлении стал Закон Республики Казахстан от 12 января 2016 года № 442 «Об использовании атомной энергии».

Международные обязательства Республики Казахстан в области ядерной и радиационной безопасности, нераспространения ядерного оружия отражены в Указах Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2006 года № 176 «О подписании Договора о зоне, свободной от ядерного оружия в Центральной Азии» и от 9 января 2018 года № 617 «О подписании Договора о запрещении ядерного оружия».

Казахстан обладает всеми необходимыми предпосылками для того, чтобы стать одним из региональных лидеров в области мирного использования атомной энергии. Страна занимает ведущие позиции по добыче природного урана, располагает развитой научной школой, исследовательскими реакторами, ускорительными комплексами и современными производствами радиоизотопной продукции. В апреле 2026 года Указом Президента Республики Казахстан утверждена Стратегия развития атомной отрасли Республики Казахстан до 2050 года: Указ Президента Республики Казахстан от 15 апреля 2026 года № 1233 «Об утверждении Стратегии развития атомной отрасли Республики Казахстан до 2050 года». Это комплексный документ, который предусматривает развитие ядерной энергетики, промышленности, науки, кадрового потенциала, систем безопасности, цифровых технологий и выполнение международных обязательств.

Қорытынды бөлім Қазақстан Республикасының ядролық қарусыздану, тарихи жадыны сақтау, қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық және ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатына арналған.

Қазақстанның халықаралық бастамаларын көрсететін құжаттар ұсынылған. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы қарар қабылдады. Бұл күн 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонының жабылуын еске алу мақсатында таңдалды. 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы қарар қабылдады. Құжат мемлекеттерді, ұйымдарды және жұртшылықты ядролық сынақтардың зардаптары мен оларды толықтай тыйым салу қажеттілігіне арналған ақпараттық-ағартушылық іс-шараларды жыл сайын өткізуге шақырады. Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні алғаш рет 2010 жылы аталып өтті және содан бері әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын өткізіліп келеді: БҰҰ Бас Ассамблеясының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы 55-пленарлық отырысында Бірінші комитеттің баяндамасы бойынша қабылданған 64/35 қарары – 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы.

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағына қатысты жүргізілген дәйекті мемлекеттік саясаттың нәтижесінде 2023 жылы Қазақстан Республикасының «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заңы (Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 шілдедегі № 16-VIII ҚРЗ Заңы) қабылданды. Заң аталған аумақтың режимін реттеудің құқықтық негіздерін қалыптастырды, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін айқындады, бұрынғы полигон жерлерін пайдалануға мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін белгіледі, сондай-ақ оларды кешенді радиациялық зерттеп-қарау, оңалту және кейіннен жекелеген учаскелерді экологиялық және радиациялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып шаруашылық айналымға енгізу үшін нормативтік жағдайлар жасады.

Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану тұжырымдамасы Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының біріне айналды. Отандық атом саласын дамытудың қазіргі кезеңі ядролық технологияларды орнықты әлеуметтік-экономикалық даму, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғылымды, медицинаны, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын дамыту мүддесінде пайдалануға бағытталған. Осы бағыттағы негізгі нормативтік құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442 «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау саласындағы халықаралық міндеттемелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 176 «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қою туралы» және 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 617 «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою туралы» Жарлықтарында көрініс тапқан.

Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында өңірлік көшбасшылардың біріне айналуына барлық қажетті алғышарттар бар. Ел табиғи уран өндіру бойынша жетекші орындардың бірін иеленеді, дамыған ғылыми мектепке, зерттеу реакторларына, үдеткіш кешендерге және радиоизотоптық өнім өндіретін заманауи өндірістерге ие. Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы бекітілді: Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 1233 «Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын бекіту туралы» Жарлығы. Бұл – ядролық энергетиканы, өнеркәсіпті, ғылымды, кадрлық әлеуетті, қауіпсіздік жүйелерін, цифрлық технологияларды дамытуды және халықаралық міндеттемелерді орындауды көздейтін кешенді құжат.

1990—2026

Документы и официальные материалыҚұжаттар мен ресми материалдар

Нажмите на материал, чтобы изучить все страницыБарлық бетті көру үшін материалды басыңыз

ФОТО

ФотодокументыФотоқұжаттар

Нажмите на материал, чтобы просмотреть все изображенияБарлық кескінді көру үшін материалды басыңыз

ИНФОГРАФИКА

ИнфографикаИнфографика

Материалы представлены отдельно на русском и казахском языкахМатериалдар орыс және қазақ тілдерінде бөлек ұсынылған

КАЗАХСТАН: ПУТЬ К МИРНОМУ АТОМУҚАЗАҚСТАН: БЕЙБІТ АТОМҒА БАСТАР ЖОЛ